Бүгінде Қазақстанда республикалық және өңірлік деңгейдегі 275 музей табысты жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 12 республикалық музей-қорық бар.

Биыл еліміздің басты өнер музейі – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің құрылғанына 90 жыл толып отыр. 2025 жылдың басында музейге «Ұлттық» мәртебесі берілді.

Музейге бару – жай ғана экскурсия емес. Бұл – әр жолы өз еліңнің және күллі әлемнің тарихы, мәдениеті мен өнері жайлы тың дүниелерді ашу мүмкіндігі.