Ірі қалаларда су тазарту құрылыстарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бірқатарында аяқталған. Ұзындығы 8,5 мың шақырымнан асатын қолданыстағы желілерді реконструкциялау және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ бірқатар ірі қалада су тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жолымен ауыз судың сапасы мен тапшылығы мәселелері шешілді.
Астана қаласында құны 118 млрд теңге болатын су сорғы-фильтр стансасы салынып, магистралдық су құбыры қайта жаңғыртылды. Атырауда 17 млрд теңге сомаға сүзгі стансасын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды және Қостанай мен Көкшетауда су тазарту құрылыстарын жаңғырту аяқталуға жақын.