«Фиджитал әлемнің барлық елдерінде жаңа, бірақ қарқынды дамып келе жатқан бағыт екенін атап өткім келеді. Біздің алдымызда Қазақстанды жаһандық фиджитал қоғамдастыққа тарту, көшбасшылық позицияны иелену және Қазақстанда фиджитал спортты ұзақ мерзімді дамыту үшін негіздерді қалыптастыру өзекті міндеті тұр. Біздің мақсатымыз – әлемдік фиджитал қозғалысына қосылып, Қазақстанның осы саладағы көшбасшылық позициясын қамтамасыз ету», – деді вице-министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.