«17 жастағы балаларды әскери есепке қою «Электрондық үкіметтің» проактивті форматына ауыстырылды. Сондай-ақ білімін жалғастыратын; бір және одан да көп баласы бар; жұмыс істейтін педагогтар; ауылдық жерлердегі дәрігерлер және ғылыми дәрежесі бар азаматтарға шақыруды кейінге қалдыру мен босатуды беру енгізілді», – деп түсіндірді спикер. 

Фархат Айдарбаевтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері 110 мыңнан астам жас әскери есепке алынды. Бұл ретте 230 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылды және босатылды.