Ипотекалық қарызды пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алғандар үшін «цифрлық ипотека» сервисі өтінім беруден бастап тіркеу туралы құжаттарды алуға дейін мәмілені толығымен онлайн ресімдеуге мүмкіндік береді. Процестің барлық қатысушылары – банк, нотариус және тіркеуші органдар – қағаз құжат айналымын болдырмайтын бірыңғай цифрлық платформа арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

Мәміленің екі тарабы да жүйеде авторизациядан өтеді және өз әрекеттерін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен растайды. Жүйе автоматты түрде:

  • қатысушылардың жеке басын;
  • объектіге меншік құқығының болуын;
  • ауыртпалықтардың, қамауға алудың немесе басқа шектеулердің болмауын тексереді.

Нотариус мәмілені бейнебайланыс арқылы онлайн-форматта куәландырады. Осыдан кейін шарттың электрондық көшірмесі тіркеу үшін «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Мүліктің жаңа иесі процедураның аяқталғаны туралы хабарлама алады.

Неліктен қауіпсіз?

  • Барлық іс-әрекеттер жеке қолтаңбамен бірдей заңды күші бар ЭЦҚ-мен расталады.
  • Сервис құжаттарды қолдан жасау немесе алаяқтық мәмілелер жасау мүмкіндігін болдырмайтын мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген.
  • Мәміле көп сатылы тексеруден өтеді: жүйе қатысушылардың және объектінің деректерін автоматты түрде тексереді, сонымен қатар барлық әрекеттерді электронды журналға жазады.
  • Мәмілеге қатысушылар әр кезеңде хабарлама алады, ал құжаттар қорғалған цифрлық мұрағатта сақталады.
  • Азаматтарға ыңғайлылық
  • Енді кезекте тұрудың және көптеген қағаз құжаттарды жинаудың қажеті жоқ.
  • Процесс айқын, жылдам және ыңғайлы болады.
  • Барлық құжаттар онлайн режимінде қол жетімді және толық заңды күшке ие.
  • Ипотеканы рәсімдеу кезінде бүкіл процесс цифрландыру есебінен әлдеқайда жылдам өтеді.

Әрі қарай не болады?

Электрондық ресімдеу сервистері мен «цифрлық ипотека» екінші деңгейдегі банктердің платформаларында кезең-кезеңімен енгізіліп, халық арасында белсенді жүргізілетін болады. Бұл жылжымайтын мүлікті сатып алу процесін әр азамат үшін одан да қолжетімді және қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.