Отбасы – рухани тірек, сенім мен мейірімнің, қолдау мен өмірлік бағдардың бастауы. Ата-аналар балаларына баға жетпес өмірлік тәжірибе беріп, қиындықтарды еңсеруді үйретеді, қабілеті мен талантын дамытуға көмектесіп, ұлттық дәстүрлерге баулиды.

Отбасы күні құтты болсын! Жақындарыңызды аялаңыздар – олар өміріміздегі ең қымбат қазына.