Оның айтуынша, Қор қажетті қаражатты алып, барлық бекітілген жобаға төлемдерді бастаған.
«Субсидия бойынша бұрын пайда болған барлық берешек алдағы күндері өтеледі», - деді спикер.
Қордың хабарлауынша, қолданыстағы шарттар бойынша одан әрі қаржыландыру кідіріссіз жүзеге асырылады. Жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр, барлық кәсіпкер жыл соңына дейін өз төлемдерін толық көлемде алады.