Қарқынды өсім экспорттың негізгі бағыттары бойынша жоғары деңгей көрсетті. Мысалы, Өзбекстанға астық жеткізу – 1 670 мың тоннадан 2 341 мың тоннаға дейін, 40,2%-ға, Қырғызстанға 85 мың тоннадан 150 мың тоннаға дейін, яғни 76,5%-ға өсті.
Ауғанстан бойынша да астық экспорты 71,6%-ға артып, 204 мың тоннадан 350 мың тоннаға жетті.

Жалпы, астық экспортының көлемінің артуы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені әлеуетінің жоғары екенін, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және дәстүрлі әрі жаңа нарықтарда қазақстандық астыққа сұраныстың тұрақты екенін дәлелдейді.