Жалпы, 11 электр станциясында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:

  • Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
  • Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);
  • Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);
  • Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);
  • Топар ГРЭС-ін жаңғырту (250 МВт);
  • Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);
  • Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);
  • Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);
  • «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);
  • Степногорск ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр станцияларының тиімділігі артады және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылады.