Өзбекстан еліне астық экспорты 15%-ға өсіп, 7,3 млн тоннадан 8,4 млн тоннаға жетті. Қырғызстан бағытына 1,7 есеге ұлғайып, 233 мың тоннадан 393 мың тоннаға артты.

Сонымен қатар, Ауғанстан бағыты бойынша экспорт 35%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін жетті. Түрікменстан еліне жөнелтілімдер де 1,5 есеге көбейіп, 105 мың тоннадан 156 мың тоннаға ұлғайды.

Жалпы, экспорт көлемінің артуы шетелдік нарықтарда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың тұрақты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, логистиканы жетілдіру мен экспорт географиясын кеңейту бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып жатқанының айқын дәлелі.