Атап айтқанда, Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасын өткізу жоспарланған.
Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады.
Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұсынылады.
Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылады.
Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші өтеді.
Аталған бағдарлама кітапхана қызметін жандандырып, кітап оқуды насихаттаудың заманауи үлгілерін қалыптастыруға бағытталған.