«Конкурсты өткізу барысында біз ашықтыққа, объективтілікке және барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікке ерекше мән береміз. Грантты тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау, екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурстық комиссия арқылы жеңімпаздарды анықтау», – деді спикер.
Өтінімдерді қабылдау арнайы Google-форма арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады, сілтеме Министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында қолжетімді. Өтінімдерді ағымдағы жылдың 21 маусымына дейін тапсыруға болады. Қатысушылар форманы толтырып, барлық қажетті құжатты қоса тіркеуі тиіс. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін жіберілген өтінімдер қаралмайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 74-12-78 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады. Қайрат Қамбаровтың айтуынша, конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін 30 адамға 3 млн теңге көлемінде грант табысталады. Сонымен қатар 2026 жылы өңірлерде жалпы сомасы 215 млн теңгені құрайтын 184 өңірлік грант беру қарастырылған.