Кітап – білімнің қайнаркөзі, идеялар мен диалог алаңы, сондай-ақ болашақты қалыптастыруға көмектесетін мәдени кодымыздың бір бөлігі. Оқу жеке тұлғаның дамуында маңызды рөл атқарады: ой-өрісті кеңейтеді, сыни ойлауды дамытады, әлемді және айналадағы адамдарды тереңірек түсінуге үйретеді.

Кітап оқуды сүйетін және кітап әлемін енді ғана ашып жатқан жандарды құттықтаймыз. Әр оқылған бет сізді шыңдап, жақсыға жетелеп, шабыт сыйласын.