2018 жылдан бастап Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп, спутниктік мониторинг жүйесін пайдаланып, заңсыз қоқыс полигондарын анықтап, жоюды бақылап келеді. Мониторинг жыл сайын сәуірден қарашаға дейін жүргізіледі.

Оның айтуынша, биыл 884 заңсыз қоқыс полигоны анықталды, оның 196-сы немесе 22%-ы жойылды.

«Қоқыс полигондарының ең көп саны Абай облысында, Қостанай облысында және Ұлытау облысында анықталды. Сонымен қатар ғарыштық мониторинг Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында әлі де жалғасуда. Министрлік, Ғарыш Сапары, құқық қорғау органдары және жергілікті басқару органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында заңсыз қоқыс полигондары санының тұрақты түрде азаюына қол жеткізілді. Егер 2020 жылы 66% жойылу деңгейімен 8000-нан астам қоқыс полигоны анықталса, онда 2025 жылы анықталған қоқыс полигондарының саны 3828-ге дейін азайды, ал жою деңгейі 97%-ға жетті», – деді спикер.

Бақылау тиімділігін арттыру үшін Министрлік Ұлттық компаниямен бірлесіп, ғарыштық мониторингтің қамту аймағын үнемі кеңейтіп келеді. Егер 2018 жылы мониторинг 16 елді мекенді қамтыса, 2024 жылға қарай қамтылған аумақтар саны 46-ға дейін артты. Бақылау аймағына республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, ірі елді мекендер және Баянауыл мен Бурабай ұлттық парктерін қоса алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кіреді.