Комиссия архивтердің Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалады. Бұл ретте архив ісін дамытуға қосқан үлесі, тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар құжаттардың сақталуын әрі қолжетімділігін қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ материалдық-техникалық және цифрлық инфрақұрылымының жай-күйі ескерілді.
«Ұлттық» мәртебе қызметі мемлекет пен қоғам үшін айрықша маңызға ие мемлекеттік архивтерге беріледі.
Жаңа мәртебе аталған архивтердің еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, архив қорларын цифрландыру, құнды құжаттарды ғылыми айналымға енгізу және архив ісін одан әрі дамытудағы ерекше орнын айқындай түседі. Архивтерге жаңа мәртебе 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап беріледі.