Пайдалануға берілген нысандардың қатарында:
- Қостанай облысында қуаты 50 МВт «Aspan Energo» ЖШС жел электр станциясы;
- Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт «Stellar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
- Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт «Altyn Solar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
- Жетісу облысында қуаты 20 МВт «Jetisu Terra Power» ЖШС күн электр станциясы;
- Қарағанды облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын «Гиперборея» ЖШС-нің үш жел электр станциясы бар.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда облысында қуаты 30 МВт «Альхена» ЖШС-нің екі күн электр станциясы жобасын, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт «Тауэнерго» ЖШС-нің шағын гидроэлектр станциясын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
ЖЭК жобаларын іске асыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.