200 мыңнан астам түлек тегін тестілеуден өтті.

Бақылауды күшейте отырып, Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға қатысушыларды қолдау бойынша шаралар қабылдады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-баспасөз мәслихаты барысында ведомство басшысы Дидар Смағұлов мәлімдеді.

Сонымен, оның ақпараты бойынша, төтенше жағдай кезінде ҰБТ-ға дайындық үшін тегін негізде тестілердің 70 бірегей нұсқасы ашық қолжетімді болды. Бұл ата-аналардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді, әрбір ҰБТ-ны сынау тестілеуі 260 теңге тұрады. Айта кету керек, осы уақыт ішінде тегін тестілеуден 199 174 адам 880 586 рет өтті. Спикер атап өткендей, Түркістан облысы Мақтарал ауданының 5 мектебінің 112 түлегі үшін Өзбекстандағы бөгеттің жарылуы салдарынан ҰБТ-ға дайындалу үшін сынақ сұрақ кітапшаларын ұсыну, сондай-ақ әр пән бойынша қосымша оқу-әдістемелік құралдарды жіберу түрінде көмек көрсетілді.

«ТЖ режиміне байланысты наурыз айында ҰБТ-ға қатыса алмағандар үшін тамыз айында тегін тапсыру мүмкіндігі берілді. Бұдан басқа, олар негізгі маусым айына дейін сынақ тестілеуінің 5 бірегей нұсқасынан тегін өтеді. Бұл емтиханға дайындық кезінде көмектеседі деп үміттенеміз», - деді Д. Смағұлов.