2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан азаматтары үшін бюджет ашықтығы көрсеткіші бойынша халықаралық рейтингте 58 балл жинады

ҚР Қаржы министрлігі «Ашық бюджет» тұжырымдамасын іске асыруда. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Азаматтар үшін бюджет ашықтығы көрсеткіші бойынша Қазақстан 45 балл орташа әлемдік деңгейде 58 балл жинады, деп хабарлады Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ.

Халықпен есепті кездесу барысында ол ашық бюджет Үкіметтің есеп беруі мен ашықтығының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын айтты. Оны енгізудің мақсаты - азаматтарға бюджеттік үдеріспен танысуға және бюджеттік шығындарды талқылауға қатысуға мүмкіндік беру.

Екі жылда бір рет үш бағыт бойынша халықаралық бағалау жүргізіледі: бюджеттің айқындығы (ашықтығы), жұртшылықтың қатысуы және бюджеттік қадағалау.

«Қазақстанға 2019 жылдың қорытындысы бойынша мүмкін болатын 100 балдан 58 балл жинауға ақпараттық ашықтық саясаты көмектесті. Қаржы министрлігі өзінің сайтында республикалық бюджет жобаларын, бюджеттің атқарылуы туралы есептер мен талдамалық ақпаратты, Ұлттық қор қаражатының түсімдері мен пайдаланылуы туралы ақпаратты, жекешелендіру, жария ету барысы туралы, мемлекеттік қарыз туралы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты және т.б. орналастырады. Біз әлеуметтік желілерде де ашықпыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.