«Ақпан айынан бастап еріктілер еліміздің барлық өңірлерінде 1,5 мыңнан астам түрлі игі іс-шаралар өткізді, олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы көш бастады, онда осындай 345 іс-шара ұйымдастырылды», - деп атап өтті Л.Диас.


Оның айтуынша, кішкентай болса да, шынайы көмек игі істер санын арттырады. 


«Қарттарға ауладағы қарды тазартуға, жақсы мақсаттар үшін қайырымдылық жасауға көмектесу, кез-келген игі іс бізді жақсартады», - деді ол.


Л. Диас атап өткендей, Мемлекет басшысы Волонтер жылы деп жариялаған 2020 жыл Қазақстанның еріктілер қозғалысының қуатты іргетасын қалады.
Бұл процеске қазір ҮЕҰ да, шағын бизнес те, және еріктілер қозғалысының өзегі болып табылатын миллиондаған қарапайым азамат тартылған.
Алдағы уақытта орталық бірқатар ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр, олардың ішіндегі «Ең мейірімді өңір» деп аталатын шара адамдардың бойындағы мейірімділікті оятуға бағытталған, дейді ұйымдастырушылар.