Алматы облысында агроөнеркәсіп кешені өнімдерін экспорттау сояның, күнбағыстың, уыттың, крахмал өнімдерінің, балық пен балық өнімдері экспортының өсуі есебінен 37%-ке (57 млн. АҚШ долл.) ұлғайды.

 «Ауыл шаруашылығы үшін ең маңыздысы – өмірген, өндірген өнімді өткізу, сондықтан біз қуаты күніне 1000 жүк автокөлігін құрайтын, инвестициялар көлемі  32,3 млрд.теңге болатын сауда-логистикалық хабтың құрылысы бойынша «Ранжис» француз компаниясымен кездесу өткіздік. Олар біздің тауар өндірушілерден тауарды тікелей сатып алып, қайта өңдейтін болады, жоба 2019 жылдан іске асырыла бастайды. Жалпы агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын іске асыру Елбасының еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өңделген өнімі экспортын 2022 жылға қарай  2,5 есе ұлғайту туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді», - деді Амандық Баталов.

Облыс әкімі өз сөзінде «Лепсі өнімдері» брендімен Қытайға бал экспорттау жолға қойылғанын, «Green Land Alatau» ЖШС-ның жылыжайлық көкөністері Ресей нарығына шығарылатынын атап өтті.