Биылғы жылы Алматы облысының дамуы барлық салалардағы оң динамикамен сипатталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
«Жалпы өңірлік өнімнің өсуі 3,5% деңгейінде болады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы облысының әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Амандық Баталовтың айтуынша, индустрияда өндіріс көлемі 870 миллиард теңгені құрайды, бұл өткен жылғыдан 75 миллиард теңгеге көп. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде жартысы азық-түлік пен сусын өндірісі. Осылайша, «Foodmaster», «Adal», «Raymbek Agro», «Danone», «JLC Sut» компанияларының сүт өнімдері республиканың барлық өңірлерінде сұранысқа ие. 6 ірі өндірушілер жылына шамамен 1 млрд литр табиғи шырындар мен алкогольсіз сусындар шығарады, бұл Алматы мен тұтастай республиканың сұранысын толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Фармацевтикалық фабрика бұрын шетелден әкелінетін дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің кең спектрін өндіруді игерді.