Биыл мемлекеттік қолдау ретінде шамамен 74 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің 2020 жылдың 10 айдағы дамуы қорытындысы бойынша өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев хабарлады. Осының арқасында, ақмолалық диқандар егін жинау науқанын белгіленген мерзімде өткізді.

«Ауыл шаруашылы дақылдарының барлық түрлері бойынша жақсы өнім жинап алдық. 5,2 млн. тонна астық жиналды. Бұл ретте, санаттылығы мен дән маңыздылығы бойынша егін сапасы өткен жылға қарағанда жоғары», - деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, мал шаруашылығын дамыту мақсатында 97 ет және 18 сүт-тауар фермасы құрылды. Жоспарларды жүзеге асыру ет комбинаттарын жүктеуді 80%-ға дейін, сүт өңдеу кәсіпорындарын жүктеуді 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Макинск құс фабрикасы құрылысы ауқымды жобасы толық іске асырылған кезде импортты алмастыру мүмкіндігі туады. Кәсіпорында өндірістің тұйық циклі жүзеге асырылады – инкубатор мен жылына 100 мың тонна тауық етін қайта өңдейтін зауыт ашылады.