Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында педагогтердің еңбекақысын 4 жылда 2 есеге арттыру көзделген. 2020 жылы оқытушыларының еңбекақысы 20%-ға өсті. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің еңбекақысы тағы 25%-ға ұлғаяды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Сондай-ақ ол мектеп мұғалімдеріне 10-нан астам бағыт бойынша қосымша ақы төленетінін атап өтті. Мысалы, магистр дәрежесі, тәлімгерлік, сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені және т.б. бойынша әртүрлі көлемде қосымша ақы қарастырылған.

«Айта кетейін, біз педагогтердің еңбекақысын көтеру туралы айтқанда, бұл тек мектеп мұғалімдеріне ғана қатысты емес. Бұл жерде балабақша, колледж педагогтары, қосымша білім беру жүйесі де қамтылады. Сондықтан біздің барлық әріптестеріміз мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Олардың еңбекақысы өседі. Сонымен қатар, олардың еңбекақысы 25%-ға артады, білім беру жүйесінде әр түрлі қосымша төлемдер бар: біліктілік санаты үшін.

Категорияға байланысты мұғалім өз еңбекақысының 30-50% дейін ала алады. Егер ол мастер болса - ол ай сайынғы қосымша төлем ретінде жалақысының 50%-ын ала алады. Ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлерді тексергені, сынып жетекшілігі, магистр дәрежесі үшін биыл алғаш рет әріптестеріміз ай сайын 27 000 теңге мөлшерінде қосымша ақы ала бастады. Бұл 25% емес, бірақ одан да көп. Мұны статистика нәтижелері көрсетіп отыр», - деді еліміздің бас педагогы.

Ол сондай-ақ ЖОО оқытушыларының еңбекақысы 28%-ға, мемлекеттік ЖОО оқытушыларының еңбекақысы 20%-ға өскенін жеткізді. Бұл Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мүмкін болды. 2011 жылдан бастап алғаш рет гранттар құны 2 еседен астам ұлғайды. Бұл ЖОО-ларға қыркүйек айында профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы арттыруға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады – деп сендірді білім министрі Аймағамбетов.