ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуіне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз іс-шарасына спикерлер ретінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов, "Қазгидромет" РПГ Гидрология департаментінің директоры Дидар Жанібекұлы қатысты.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильиннің ақпараты бойынша, су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі мақсатында өңірлерде мұз қопсыту бойынша 236 жарылыс жұмыстары жүргізілді, 12 мың км арық пен канал тазаланды, сондай-ақ автомобиль және темір жолдар астындағы 25,6 мың бірлік су өткізу құрылыстары тазаланды.

Қорғаныс бөгеттерін салу (53 км) және жөндеу (114 км); жағалауды бекіту (95 км), түбін тереңдету (255 км), су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын түзету (71 км) және су бұру арналарын орнату (192 км) бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Елді мекендерден 15 млн. текше метрден астам қар шығарылды. Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және қажетті шараларды әзірлеу мақсатында аэровизуалды және жер бетіндегі тексерулер жүргізіледі.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Громовтың ақпаратына қарағанда, апаттың алдын алуға қабылданған шаралар, атап айтқанда, су қоймаларында бос ыдыстар құру, қорғау құламаларын салу, өзен учаскелерін тазарту шаралары бүгінгі таңда штаттық режимде өтуде. Сонымен, оның мәліметтері бойынша қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар алты өңірдің екі – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары су тасқынына ұшырауда.

"Бұл өңірлерде су тасқыны кезеңі мамыр айының 1 онкүндігіне дейін сақталады", - деп нақтылады С. Громов.

Қазіргі уақытта су шаруашылығы жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізілуде. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі коммуналдық және жеке гидротехникалық құрылыстарға тасқын суларды қауіпсіз өткізу бойынша ұсыныстардың орындалуын бақылау тұрғысынан көшпелі тексерулер жүргізуді жалғастыруда.