Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша, барлық курорттық орындарда ағымдағы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін броньдау үшін бос орындар қалған жоқ.

Оның сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Алакөл көлінің жағалауында және Щучье-Бурабай курорттық аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы санитарлық дәрігерлердің Қаулылары шығарылды.

Сонымен қатар, курорттық аймақтардағы орналастыру орындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төленген броньдар бойынша ақшалай қаражаттың қайтарылуын болдырмау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жоғарыда көрсетілген санитарлық дәрігерлердің Қаулыларына кейбір толықтырулар енгізу мүмкіндігін талқылады.

Нәтижесінде, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметімен берілген тиісті дайындық актілері бар орналастыру орындарында алдын ала төленген броньдар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етілді.

«Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесіне ПТР анықтамасының болуы жағдайында, бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуына болады. Блокпосттардағы өткізу жүйесі туристерде орналастыру орындары ұсынған броньның бар-жоғы туралы деректермен салыстырылатын болады», - деді Д.Рыспеков.