Қорғаныс министрлігі Сириядағы, Таулы Қарабақтағы соңғы қақтығыстардың тәжірибесі бойынша әскерде қандай тұжырымдар жасалды? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа осындай сұрақ жолдады.
«Әрине, ғалымдар, әскери ғалымдар және басқа да мамандар, сарапшылардан арнайы топ құрылып, соңғы кездері орын алған қақтығыстардың, жанжалдардың тәжірибесі, олардың барысында қолданылатын тактикалық жедел тәсілдер ұдайы зерделеп, тұжырымдамалар әзірлейміз. Оларды оқу-жаттығу, басқа да әскери жауынгерлік дарлық іс-шаралар барысында қолданамыз», - деді ведомство басшысы өз жауабында.
Н.Ермекбаев жақында оңтүстікте өткізілген «Алдаспан» оқу-жаттығуын мысал ретінде келтіріп өтті. Шара барысында Сирияда қолданылған «танк каруселі», десанттардың арнайы тәсілдері пайдаланылды.