«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Коституциялық заңына сәйкес, сайлау болатын күні және оның қарсаңындағы күні кез келген үгітке тыйым салынған. Алайда, кеше «тыныштық күні» Алматы қаласында азамат Б. «Ақ жол» партиясын қолдау үшін анонимдік үгіттеу материалдарын таратумен үгіт жүргізген. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлім етті. Ол дауыс беру күні берілген шағымдар мен бұзушылықтар туралы баяндады.

Аталған факті бойынша Алматы қаласының прокуратурасы оның қысқартылған өндіріс тәртібінде, яғни кінәсін мойындауына байланысты материалдарды сотқа жолдамай, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102 және 113-баптары бойынша жалпы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартты.

Оның айтуынша, тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұл сомасы 60 мың теңгені құрады.

«Аталған факті бойынша Алматы қаласының прокуратурасы Б. азаматты қысқартылған өндіріс тәртібімен, яғни кінәні мойындауына байланысты сотқа материалдарды жібермей, ӘҚБтК - нің 102, 113-баптары бойынша жалпы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», - деп түйіндеді прокурор.