«Пешпен жылыту кезінде отты абайсыз пайдалану, тұтанатын сұйықтықтарды қолдану қайғылы жағдайға, адамдардың күйік шалуына, тұрғын үйдің өртенуі секілді материалдық шығынға алып келеді. Пеш жабдығын пайдалануды бұзу дегеніміз мұржаны уақтылы тазаламау, пеш жабдығының жылыту құралдарында жеке заттарды кептіру, улы газ тартатын жапқыштың дұрыс жұмыс істемеуі, мұның салдары улы газбен уланудан қайтыс болу жағдайларына әкеп соғады», - деп ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жеке сектор тұрғындарының немқұрайлылығын сипаттай отырып.

Көбі ТЖД қызметкерлерін мұржаларды тазалап, жалпы жүйенің дұрыстығын тексеріп береді деп әдейі күтетін сияқты.

Зейнеткерлер мен жалғызбасты адамдарды түсінуге болады. Олар өрт қауіпсіздігі бөлімшелерінде есепте тұр. Бірақ пешті балалардың қарауына қалдыратындармен не істеу керек? Олай істеуге болмайды деп тағы да түсіндіреміз, көмектесеміз. Бірақ түтін мұржаларын, жылыту пешінің басқа да жүйелерін маусым басталар алдында және одан кейін күйеден тазартып отыру керек. 3 айда бір рет.

Отын мен басқа да жанғыш заттарды пештің алдында қалдыруға қатаң тыйым салынады; пеш көмірмен, кокспен және газбен жағуға арналмаса, оны отынның бұл түрін қолдануға болмайды; заттарды тікелей оттың жанында кептіруге және көлемі сәйкес келмейтін ысырмаларды қолдануға болмайды.

Ақаулар мен жарықтар болған жағдайда, пештің жұмысын тоқтату қажет, дейді мамандар.