Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов осындай мәліметтерді жариялады.

Қазіргі уақытта республика бойынша ұзындығы 682 шақырым болатын 4 ақылы жол жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Щучье, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас және Алматы Қапшағай. Сонымен қатар, өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық конкурс аясында 11 мың шақырымға арналған төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсету шартына қол қойылды.

«Шарт шеңберінде ағымдағы жылы ұзындығы 5783 шақырым қайта жаңартылған учаскелерде төлем алу жүйесін орнату көзделген. Кейін ол тестілік түрде іске қосылады. Қалған 5111 шақырым жолда қайта жаңарту бойынша жұмыстардың аяқталуына қарай 2024 жылға дейін ақы алу жүйесін енгізу жоспарланып отыр», - деді спикер.