Асқар Жұмағалиев: шын мәнінде жаңғыртуды қалайтындарға көмектесу қажет.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі - экономика салаларын цифрландыру болып табылады. Сондықтан да мемлекет жаңғыртуды қалайтындарға көмектесуі тиіс. Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесу барысында ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Министр кәсіпорындарды жаңғырту - бұл жеткілікті шығынды жоба екенін мойындады. Дегенмен, сайып келгенде, бұл еңбек өнімділігін және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға әкеледі.

Мысалы, отын-энергетика кешенінде 17 «Зияткерлік кен орындарын» құру бойынша жобалар іске асырылуда, цифрлық технологиялар 2 мұнай өңдеу зауытында енгізілуде.

Индустрияда 13 жүйе құраушы кәсіпорында және 112 өнеркәсіп кәсіпорнында цифрландыру бойынша жобалар жүргізілуде, 7 модельді цифрлық фабрика құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешенде 49 цифрлық ферма құрылды, соның ішінде 28 өсімдік шаруашылығы және 21 мал шаруашылығы фермасы негізінде.