Армения тарапы Қазақстанның армениялық мемлекеттік номері бар автокөлікті импорттаған қазақстандықтар үшін қосарланған салық салуды болдырмау туралы ұсынысына қандай жауап қайтарды? Журналистің бұл сұрағына ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жауап берді.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген ІІМ өкілінің айтуынша, бұл мәселе мемлекеттік кірістер органдарының құзырында. Сонымен қатар, Серік Түсіпов екі ел үкіметтері арасындағы екіжақты келісімдер аясында ІІМ салық салу мәселелері бойынша шешімдерді қарау және қабылдау мүмкіндіктерін қарастыру үшін Қазақстанда тіркеуден өткен көлік құралдарының тізімін тұрақты түрде ұсынатынын жеткізді.