Армениядан әкелініп тіркелген автомобильдерді пайдалану мерзімі шектелмейді. Автомобиль иесі оны пайдалану мерзімі туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Егер азамат көлігін есептен шығармақ болса, онда ағымдағы кезең үшін көлік салығын төлейді, «қазақстандық» мемлекеттік номер мен техпаспортты тапсырады, ХҚКО-дан «армян» номерін және техпаспортын қайтарып алады.