Қаржы министрлігі штатты оңтайландырады

Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халықпен есепті кездесуі барысында ҚР Қаржы министрлігінің штат саны 1 815 бірлікке оңтайландырылды деп хабарлады.

«Министрлік өз жұмысының тиімділігін, ең алдымен, тексерушілердің санын қысқарту есебінен арттырады», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру шеңберінде Қазынашылық комитеті оған Мемлекеттік сатып алу комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру мақсатында Оңалту және активтерді басқару компаниясы Проблемалық кредиттер қорына қосу жолымен қайта ұйымдастырылды, ал Қаржы академиясы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілді.

«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін тиісті саланың уәкілетті органы - Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.