Top.Mail.Ru

А. Бараев атындағы орталық қызметкерлердің айлығын 10 пайызға өсірді. Бұл туралы Оратылқ коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев мәлімдеді.

«Жастарды көтеріп, оларды шақыру үшін 1 млрд. теңге ақша сұрап отырмыз. Ол жастарға тұратын жатақхана салу. Егер жатақхана болса, жастар келіп, жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік болар еді. Соңғы уақытта зертхана басшылары жасарып жатыр. Яғни, жастарды тартып жатырмыз. Бізде шетелде оқитын үш жас маман бар. Біреуі Израильде, екіншісі Данияда оқиды. Мен бұған дейін айтып өткен, 47,7 центнер астық жинаған «Дамсинская 2017» - жастарға шын мәнінде сенуге болатындығының нәтижесі», - деді К.Абдуллаев.

Сонымен қоса, орталықта 30-ға жуық бос жұмыс орындар бар екендігін, олардың 30-ының 50% -ы жастарға арналғандығын айтап өтті.

Айта кетсек, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасындағы егін және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталық. Ол Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып 1956 жылы құрылған. Кейін А.И. Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ҒЗИ болып өзгерді.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!