Атырау облысы әкімдігі "фармацевтикалық қызмет" қоғамдық бірлестігімен және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен меморандумға қол қойды. Бірлескен мақсат, дәрі-дәрмектің бағасын сақтау. Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде косметологиялық кабинеттің заңсыз қызметі анықталды. Онда елде тіркелмеген фармацевтикалық препараттардың 100-ден астам түрін лицензиясыз сатқан.

«Облыста бірнеше бақылаушы органдардан тұратын мобильді топ құрылды. Олар дәрі-дәрмек бағасының қымбаттамауын қадағалайды. Заң аясында барлық тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылатынын ескертемін. Оларды анықтау жұмыстары жалғасуда»,- деп атап өтті аймақ басшысы. Дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне байланысты шағымдар 8 (7122) 35 42 нөмірі бойынша қабылданады.

Айта кетерлігі, облыста халықтың әлеуметтік осал топтарын дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Демеушілер көмектеседі. Ал стационарлар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары дәрі-дәрмек алды.

«Кеше облысқа 220 миллион теңгенің 430 түрі жедел жеткізілді. Олардың ішінде "Азитромицин", "Цефазолин", "Цефтриаксон", ыстықты төмендететін дәрілер мен витаминдер бар. Бұл препараттардың партиясы облыс халқының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Дәрі-дәрмектер қалалық дәріханаларға ғана емес, аудандарға да таратылды»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай дәрі-дәрмектің көлемі апта соңында жеткізіледі.