Атырау облысында 278 медициналық маман жетіспейді. Жалпы тәжірибе дәрігерлері, анестезиолог - реаниматологтар, акушер - гинекологтар, инфекционистер мен эпидемиологтар тапшы. Онлайн-брифинг барысында ОКҚ баспасөз орталығында аймақ басшысы аталған мәселенің шешілгені туралы айтты.

«Атап айтқанда, біз Ресейден Атырауға мамандарды тарту мәселесін қарастырудамыз. Сонымен қатар, биылғы жылы өңірге жас мамандардың келуі күтілуде»,- деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов. Ол сондай-ақ облыстық аурухана базасында қосымша 400 орындық инфекциялық стационар ашылғанын айтты. Құрманғазы аудандық ауруханасы мен Атырау облыстық кардиологиялық орталығында қосымша орындар ашу жоспарлануда.