2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында Qazaq Kurеsi-нен Әлем чемпионаты өтеді.Шараның өту барысы туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.

Ұйымдастырушылары - Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы. Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. бар. Палуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады.

Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды.

Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы - Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы тағайындалды. Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталады.

Айта кету керек, чемпионат аясында төрешілер семинары өткізіледі. Әдеттегідей семинар барысында Qazaq Kuresi төрешілік тұрғысында талқыланады.

2019 жылғы Әлем чемпионаты символдарының бірі - Олимпиада алауы. Ол Чемпионат өтетін Ақтөбе қаласының белгісі атанған – қызғалдақпен әрленді. Қазақстанның батыс өңірі мұнай және газ кен орындарына бай. Сондықтан символдардың екінші түсіндірмесі - отты қызғалдақ. Логотиптің дөңгелек формасы шараның халықаралық, жаһандық мәртебесін көрсете отырып, жер шарының бейнесін білдіреді. Қызыл, сары және көк түстер күрес күресінен жарыстар өтетін татамиге түсіне сәйкестендірілді. Бұл түстер логотип кодының негізі.