Елшіліктердің ресми өтініштері бойынша Қазақстан аумағы арқылы 2,5 мыңнан астам Өзбекстан азаматтары, 1 мыңнан астам Қырғызстан азаматтары ұйымдастырылған транзитпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары Олег Фисенко мәлімдеді.
«Карантин кезеңінде қызмет бөлімшелері 117 әуе кемесінде және автобус рейсінде Отанына оралған 15 000-нан астам қазақстандықты бақылауды қамтамасыз етті», - деді ол.
Олег Фисенко Шекара қызметі халықтың қажеттіліктеріне түсіністікпен қарайды деп сендірді.
«Құзырлы ведомстволармен бірлесе отырып, ауыр науқасты туыстарын күту үшін, отбасын біріктіру үшін және басқа да өмірлік маңызды жағдайлар бойынша адамдардың шекарадан өту мәселелерін жедел шешкен», - деп нақтылады ҰҚК өкілі.