Мемлекеттік комиссия бекіткен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларға сәйкес, республика ішінде оңтайлы теміржол қатынасын сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов мәлімдеді.

Оның мәліметінше, ағымдағы жылғы 5 шілдеден бастап «Алматы-Сарыағаш» (№321/322) бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады, 4 бағыт бойынша пойыздардың жүру кезеңділігі қысқартылады:

• "Алматы-Нұр-Сұлтан" (№3/4) күнара (күнсайынның орнына);

  • "Алматы-Павлодар" (№31/32) күнара (күнсайынның орнына);

  • • "Нұр-Сұлтан-Өскемен" (№67/68) күнара (күнсайынның орнына);

  • "Нұр-Сұлтан-Достық" (№257/258) аптасына 1 рет (аптасына 2 рет орнына).

Бұдан басқа, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылады, 8 бағыт бойынша жалпы вагондар алынып тасталады, 6 «Talgo» пойызында отыруға арналған орындары бар вагондар жабылады.

Анықтама:

Тоқтатылатын қала маңындағы пойыздар:

  1. «Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар» (№ 7502/7501)
  2. «Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар» (№ 7510/7509)
  3. «Нұр-Сұлтан НЖ – Көкшетау-1» (№ 7507/7508)
  4. «Ерейментау-Нұр Астана-1 - Көкшетау-1» (№ 6829/6830)
  5. «Нұр-Сұлтан НЖ – Атбасар» (№ 6803/6804)
  6. «Қарағанды – Нұр-Сұлтан-1» (№ 7553/7556)
  7. «Қарағанды – Нұр-Сұлтан-1» (№ 6857/6858)
  8. «Шалқар – Сексеуіл» (№ 6842/6841)
  9. «Түркістан – Шымкент» (№ 7512/7511)
  10. «Қостанай – Жетығара» (№ 6925/6926)
  11. «Қарағанды – Шоқай» (№ 6815)
  12. «Теміртау – Ақадыр» (№ 6868/6869)
  13. «Қалағыр – Теміртау (№ 6867)
  14. «Шоқай-Қалағыр – Қарағанды-Сұрыптау станциясы» (№ 6952/6951)
  15. «Теміртау – Қалағыр» (№ 6876)
  16. «Балқаш-1 – Саяқ» (№ 6894/6893)
  17. «Түркістан – Сарыағаш» (№ 6958/6957)
  18. «Шымкент – Түркістан» (№ 6937/6938)
  19. «Орал – Шыңғырлау» (№ 6874/6873)
  20. «Қызылорда – Түркістан» (№ 6844/6843)
  21. «Мыңарал-Шығанак - Шу» (№ 6969/6970)
  22. «Отар - Шу» (№ 6981/6982)

Жалпы вагондарды алып тастау:

  1. «Атырау – Маңғыстау» (№ 313/314)
  2. «Павлодар – Пресногорьковская» (№ 339/340)
  3. «Нұр-Сұлтан НЖ – Арқалык» (№ 603/604)
  4. «Орал-Ақтөбе» (№ 613/614)
  5. «Нұр-Сұлтан – Петропавл - Қызыл ту» (№ 623/624//627/628)
  6. «Жарық - Балқаш-2» (№ 601/602)
  7. «Қарағанды – Балқаш-2» (№ 605/606)
  8. «Қарағанды - Жезқазган» (№ 610/609)

Тальгодағы отыратын орындарды жабу:

  1. «Алматы – Ташкент» (№ 1/2)
  2. «Алматы – Шымкент» (№ 11/12)
  3. «Алматы – Нұр-Сұлтан» (№ 3/4)
  4. «Алматы – Шымкент» (№ 25/26)
  5. «Алматы – Павлодар» (№ 31/32)
  6. «Нұр-Сұлтан - Өскемен» (№ 67/68)
  7. Аталған пойыздарға бұдан бұрын жол жүру билеттерін ресімдеген жолаушылар билетті қайтаруды ресімдеп, ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде қайтарып ала алады, сондай-ақ басқа балама пойыздарға билет сатып ала алады.

    «Билет кассалары штатты режимде жұмыс істейтін болады, барлық мәселелер бойынша «105» анықтама қызметіне хабарласуға болады», - деп толықтырды А. Қалдыкөзов.