Биылғы жылы өзіңіз үшін қандай негізгі мәселелерді атап өтер едіңіз? – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтің модераторы Жамбыл облысы әкіміне осындай сұраұ қойды. Бердібек Сапарбаев қысқа ғана жауап берді - халықтың әл-ауқатын арттыру.

«Бұл, ең алдымен, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, құрылыстың дамуына және ең бастысы, шығарылатын өнімді қайта өңдеу мен инвестициялар тартуға байланысты экономика. Біз осы мәселелермен айналысамыз. Экономиканы одан әрі дамытуға, әл-ауқатты арттыруға жол ашатын тиісті жобалар бар», - деп жауап берді аймақ басшысы.