Балаларды кемсітуге және мемлекеттік қолдауды шектеуге болмайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, «Ауыл» ХДПП орталық аппаратының басшысы партия ұсынып отырған реформалардың әлеуметтік қоржыны туралы айтып берді. Қуаныш Сейітжанов бүгінде Қазақстанда Ана мен балаға қатысты жәрдемақының 14 түрі ондаған НҚА, заңдар және басқа да құжаттармен реттелетінін айтты. 800 мыңға жуық адам атаулы көмек алады, олардың жартысы балалар.

«Неліктен балаларды мұқтаж және мұқтаж емес топтарға бөлеміз? Бұл тіпті идеологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Біз бала кезінен кемсітеміз. Біздің ата-бабаларымыз «Әр баланың өз нәсібі бар» деп айтқан, демек, әр баланың өз үлесі, мақсаты бар. Біздің партия мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық балаларға жәрдемақы төлеуді ұсынады: қаланың баласы, даланың баласы, кедейдің баласы, байдың баласы, ешқандай айырмашылық жоқ. Бұған еліміздің экономикалық мүмкіндіктері жеткілікті. Бұл сандарды аспаннан алған жоқпыз, бұл сарапшылардың белгілі бір сараптамасының нәтижесінде жасалып отырған ұсыныс. Қазіргі төлемдер сомасы АЕК-тің 70%-ын құрайтынын білдіңіз бе? Олай болса, болашақта Отан алдындағы борышын 100% орындауын қалай талап етпекпіз? Патриот болуды қалай талап етуге болады? Бұған моральдық құқығымыз бар ма?»,- деді партия өзінің пікірлестерінің ұстанымын білдіре отырып, риторикалық емес сұрақ қойды.