Осының арқасында коронавирустың алғашқы толқыны кезінде халықты уақытылы ақпараттандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Қоғамдық көңіл-күйді тұрақтандырудың негізгі факторларының бірі «Stopfake.kz» және «Coronavirus2020.kz» сайттарында жалған ақпаратты жедел теріске шығару және COVID-19 таралу қарқыны мен ауқымы туралы халықты үнемі хабардар ету болды. Бұл жұмыс бүгінгі күнге дейін сәтті жалғасын табуда. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өз баяндамасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ақпарат саласында сабақтастықты сақтап қана қоймай, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға жүйелі түрде ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

«Бірқатар жаңа ақпараттық жобалар іске қосылды. Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында «Abai TV» телеарнасы өз жұмысын бастады. Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты сапалы ақпараттандыру мақсатында екі портал іске қосылды: «Мемлекеттік БАҚ Бірыңғай порталы», ол азаматтарға «бірінші болып» анық ақпарат береді, сондай-ақ «Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы», олардың мәні мен халыққа пайдасын түсінікті түрде жеткізеді. Өткен жылы министрлік журналистердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ салалық журналистиканы дамыту курсын қабылдады. Қазір бұл ниеттер жүзеге асырылуда. 8 ақпаннан бастап алғашқы 50 журналист Асфендияров ат. ҚазҰМУ базасында медициналық тақырыпта мамандана бастайды. 15 ақпаннан бастап кемінде 50 журналист Л. Гумилев ат. ЕҰУ базасында дін саласындағы білімдерін жетілдіреді, ал 22 ақпанда тағы 50 журналист үшін Әл-Фараби ат. ҚазҰУ базасында экологиялық тақырып бойынша сабақтар басталады. Аграрлық, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-еңбек салаларындағы басқа да жоғары оқу орындарымен осындай жұмыс жүргізіледі», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелері бойынша жұмысты, ал келешекте 2022 жылы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» сапалы жаңа заңның қабылданатынын атап өтті.