Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшінің жолдаған сауалына берген жауабында осылай деді. Нысан құрылысы 6-7 жыл бұрын басталған. Бірақ 4 жылдан бері тоқтап тұр.

«Бұл мәселе бойынша сот шешімі 2019 жылдың соңында шықты. Құрылыстың жобалық құжаттарына 9 жыл болды, қазір оны нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны желтоқсан айында толық аяқтау жоспарланған», - деді өңір басшысы.

Жеңіс Қасымбектің атап өтуінше, балалар ауруханасының құрылысы келесі жылы қайта жанданады және нысанды жыл соңына дейін іске қосу көзделген.