Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері жайлы баяндады. Оның айтуынша, қосымшада Артық төлемді басқару сервисі іске қосылған.

Қосымшаның «Артық төлем» қосымша парағында қандай салықтар бойынша артық төлемнің бар екендігі және салық төлеушінің онымен қандай іс-әрекеттер жасағысы келетіні - басқа салықтарға бағыттайтыны немесе өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі. Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтарылатын соманы көрсету қажет. Айта кетейік, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап есептеулер мен қайтарымдарды жүргізу мерзімі 10-нан 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. «Артық төлемді басқару» сервисін 347,8 млн теңге сомасына 5,5 мың пайдаланушы пайдаланып үлгерді.