Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында екі айлық дәрі-дәрмектердің азаймайтын қоры құрылды. Денсаулық сақтау министрлігі айына 60 мыңға жуық пациентті стационарларда емдеу үшін 8,2 млрд.теңге сомасына COVID-19 бойынша 44 аталымнан тұратын ДЗ тізбесін қалыптастырды. ҚР ДСМ дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Александр Костюк Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында КВИ екінші толқыны жағдайындағы қауіпсіздік жастығы туралы толығырақ айтып берді.

«Барлығы 6 млрд.теңгеден астам сомаға 41 дәрілік зат сатып алынды. Бұл препараттардың барлығы «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының хабтарында орналастырылған. Қажет болған жағдайда қысқа мерзімде өңірлердің медициналық ұйымдарына жөнелтілуі мүмкін. Сонымен қатар, әрбір медициналық ұйым ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өз ішінде дәрілік заттардың кем дегенде бір айлық қорын төмендетілмейтін қорын құруды қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда «СҚ-Фармация» елдің медициналық ұйымдарына диагностика мен емдеудің қолданыстағы хаттамасын негізге ала отырып, COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді 22 млрд.теңгеден астам сомаға барлығы 91 дәрілік заттың атауын жөнелтті. Бұл шара сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық көтерілуі жағдайында медициналық ұйымдардың аса қосымша қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектердің тізімі нақты антиковидті препараттармен кеңейтілді. Шілдеде COVID-19 ауруының жеңіл және орташа ауырлықтағы пациенттеріне арналған бес атау енгізілді. Бұл антипиретиктер мен антикоагулянттар. Бұл препараттарға шамамен 2 млрд. теңге сомасына өтінім қамтамасыз етілді. Бұл препараттардың барлығы Бірыңғай дистрибьютордың дайындығында.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі 2021 жылға арналған жоспарларға тоқталды.

«Барлық қажетті іс-шаралар өткізілді. 31 шілдеден 15 тамызға дейін медициналық ұйымдар 340 млрд.теңгеге дәрілік заттарға қажеттілікті берді. Қазірдің өзінде барлық дәрілік заттардың 90% - ы сатып алынды, қалғандары сатып алу процесінде. 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2021 жылға арналған дәрілік заттар бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына түсе бастады, ал 1 қаңтардан бастап елдің медициналық ұйымдарына жоспарлы түрде жөнелту жүзеге асырылады», - деді Костюк.