Бүгінгі таңда Арыс қаласында инфрақұрылым 90% - ы қалпына келтірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында қала әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Арыс қаласы оқиғадан кейін екі ай бойы қалпына келтірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық өңірлер оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстарға байланысты қайғылы оқиғалардан кейін қаланы қалпына келтіруге көмек көрсетті.

"Арыс қаласында барлығы 8 626 үй бар. ТЖ нәтижесінде 7 635 үй зардап шекті. Оның 480 үйі қалпына келтіруге жарамсыз деп танылды, 7 155 үй жөнделді", - деді қала әкімі.

Ескерту: зардап шеккен кәсіпкерлік объектілерінің саны 467 құрайды. Оның 404 нысан иесіне "Менің Атамекен" қоғамдық қоры арқылы 3 млрд. 69 млн.тг бөлінді. ТЖ кезінде зардап шеккен 66 әлеуметтік нысан жөнделіп, пайдалануға берілді.

Сөз соңында әкім барлық қазақстандықтарға қаланың қалпына келтіру жұмыстарына қатысқаны үшін алғыс айтты.