Жұмыс орнында КВИ жұқтырған медицина қызметкерлеріне уәде етілген өтемақы төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, бұл өтемақы Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес төленеді.

Оператор төлемдеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді. Өтемақы төлеуге өтінімдерді өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары олардың тиісті комиссияларының шешімі негізінде береді.

«Бүгінгі күні сағат 14.00-де басқармалардан 6 өңірден 123 өтінім келіп түсті. 3 жұмыс күні ішінде деректемелері мен шоты көрсетілген адамдарға 2 млн. теңге төленеді. 123 өтініш ішінде қайтыс болған медицина қызметкерлері жоқ. Олар бойынша әзірге өтініш түскен жоқ», - деді министр.