«БҚО-да барлық мемлекеттік медициналық мекемелер қажетті дәрілік заттармен және препараттармен қамтамасыз етілген. Құрамында парацетомолы бар препараттар, ацетисалицин қышқылы, цефтриаксон, вирусқа қарсы препараттар, азитромицин, аскорбин қышқылы секілді дәрілердің қоры бар. Тек парацетомол, левофлоксацин және антикоагулянттар жетіспейді. Аталған препараттардың тапшылығы дәрі-дәрмек шығаратын өндірушілердің жеткізуді кешеуілдетуіне байланысты бүкіл ел бойынша орын алып отырған жағдай» - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев бүгінгі өткен брифингте.

Оның айтуынша, қалада дәріханалардағы бағаның негізсіз көтерілуін бақылайтын мониторингтік топ жұмыс жасауда.

«Аталған топ кейбір дәріхана иелерінің бағаны көтеру фактілерін анықтап үлгерді. Аталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментіне айыппұл салу үшін жолданған. Дәрілердің шекті бағасын www.dari.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасы арқылы қарауға болады», - деді өңір басшысы.