Азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят бүгінгі таңда коронавируспен күреске 46 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылғанын, сондай-ақ жұқпалы және провизорлық стационарлар деңгейінде жұмыс істейтін және емханаларда учаскелік дәрігерлерге көмектесетін медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері-интерндер қатыстырылғанын атап өтті.
Вице-министрдің айтуынша, халықаралық ұйымдарға ресми өтініштер болған жоқ, бірақ көрші мемлекеттердің дәрігерлері Қазақстанға COVID-19 қарсы тұруға көмектесуде.
«Қазіргі уақытта төсек-орындары мен реанимациялық бөлімшелері бар жеке меншік медициналық клиникалар COVID-19 пациенттерін стационарларда орналастыру үшін өз ресурстарын ұсына отырып, көмек көрсетуге дайын», - деп атап өтті А.Ғинаят.