Цифрландырудан экономикалық тиімділік 800 млрд. теңгеден астам соманы құрады.

Халық алдындағы есептік кездесу аясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан экономикасының барлық секторларын цифрлық трансформациялау бойынша жобалардың экономикалық тиімділігі соңғы екі жыл ішінде 802,5 млрд.теңгеден астамды құрағанын хабарлады.

Оның айтуынша, осы уақыт ішінде инновациялық экожүйеге 32,8 млрд.теңге тартылды және жапсарлас салаларды ескере отырып, 120 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жалпы, министрлік салалары бойынша 170 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылды.

Асқар Жұмағалиев 2020 жылы министрлік тағы 36 млрд.теңге инвестиция тартуды және 200 млрд. теңге мөлшеріндегі белгіні еңсеруді жоспарлап отырғанын атап өтті.